Ресейдің Иркутск облысындағы Байкал көлінде туристер мінген «УАЗ» көлігі мұз ойығына түсіп, сегіз адам – жеті турист пен жүргізуші көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында 2013 жылы туған бала бар, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қайғылы оқиға 20 ақпан күні күндіз болған. Шамамен сағат 15:00-де жүргізуші Хужир кентіндегі демалыс базасынан шығып, туристерді Ольхон аралындағы Хобой мүйісіне мұз үстімен жеткізбек болады, сол сәтте мұз ойылып, көлік тұңғиыққа батып кеткен.
Қаза болғандардың ішінде Қытай Халық Республикасынан келген бір отбасы – ерлі-зайыпты туристер және олардың 14 жастағы баласы және тағы бір туысы болған. Олар сапарды туроператор арқылы рәсімдемей, жүргізушімен тікелей келісім жасағаны анықталды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, көлік ені үш метр болатын мұз ойдымына түсіп кетіп, 18 метр тереңдікке батып кеткен. Бір жолаушы ғана аман қалып, демалыс базасына жеткізілді. 32 жастағы ер адамнан жауап алынып жатыр.