ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен айырылды. Ресми мәліметке сенсек, ол қызметтен босату туралы өтінішті өзі жазған, ал Президент оның осы өтінішін қанағаттандырып, лауазымынан босатқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
49 жастағы Шолпанқұлов бұл қызметке 2021 жылғы 5 сәуірде тағайындалған еді. Ол Ұлттық Банкте қаржы нарығын реттеу және ақша-несие саясатына қатысты бағыттарға жетекшілік еткен.
Қаңтар айында Тоқаев қаржы мониторинг агенттігіндегі жиында қазақстандық банктердің бірі 7 трлн теңгеден аса қаржыны шетелге заңсыз "жөнелткені" жайлы айтқан еді. Президенттің осы сөзіне қатысты Берік Шолпанқұлов жергілікті БАҚ-тардың біріне “бұл шетелге шығарылған қаражат емес – банк транзакцияларының жиынтығы болатын" деп комменатрий берген болатын.