homepage
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда блогерлер 9 жылға сотталды

20.02.2026, 18:29

Алматы соты "бопсалау" бабы бойынша айыпталған блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримовті 9 жылға бас бостандығынан айырды. Істі сот алқасы қараған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

28 млн теңге көлемінде қаражатты бопсалады деген күдікпен бір кәсіпкер мен екі блогер ұсталғанын полиция былтыр 23 қаңтарда хабарлаған. Полиция сол кезде күдіктілер әлеуметтік желілерде компромат жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсетіп, 8 млн теңге бопсалағанын, 10 млн теңге алып жатқан жерінде ұсталғанын хабарланған. 

Блогерлер өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Олардың айтуынша, қылмыстық іс блогерлердің азаматтық ұстанымы, жемқорлықты әшкерелеу талпыныстарымен байланысты. 

Прокурор айыпталушыларды 10 жылға соттауды сұраған. Сотталушылар ақтауды өтінгенмен, алқабилердің шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысы 9 жылға сотталды. Екі блогер де Instagram-да танымал, Кушеевтің – 31,5 мың жазылушысы, ал Каримовің 5 мыңнан астам жазылушысы бар.