homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Павлодарда құрылыс компаниялары салықтан жалтарып келген

20.02.2026, 17:31

Павлодарда бірқатар құрылыс компаниялары жылжымайтын мүлік сату мәмілелерін есепте көрсетпей, салық міндеттемесін төмендеткен. Нәтижесінде 120 млн теңгеден астам сома бюджетке түспеген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Прокуратура дерегінше, компаниялар сатылған нысандарды декларацияда көрсетпеген. Мәселен, бір фирма тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 43 нысанды сатып, оны есепке енгізбеген. Соның салдарынан 77,8 млн теңге корпоративтік табыс салығы төленбей қалған.

Осыған ұқсас заңбұзушылықтар тағы 12 құрылыс компаниясынан анықталған. Қазір салықты өндіру және жауапкершілік мәселесі қарастырылып жатыр.