homepage
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Тәркіленген Lamborghini аукционда 5 есе арзан бағамен сатылды

20.02.2026, 13:27

Заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған қылмыстық топтың бірінен тәркіленген Lamborghini көлігі электронды аукцион арқылы 66,5 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Lamborghini Huracan көлігінің аукциондағы бастапқы бағасы – 343 млн 332 мың теңге болатын. Алайда, мұндай бағаға сатып алшуылар табылмаған соң, бағасы біртіндеп-біртіндеп төмендеп,  ақыры 66 млн 507 мың теңгеге дейін түскен. Осылайша жаңа иесі спорткарды шамамен бес есе арзанға сатып алды. Сатушы – Алматы қаласының мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру департаменті. 

Құжатқа сәйкес, көлік 2016 жылы шығарылған, қозғалтқыш көлемі – 5,2 литр, автоматты беріліс қорабы бар, бензинмен жүреді. Қвзір ол Алматы облысы, Өтеген батыр ауылында тұр. 

Бұған дейін 11 ақпанда 1Win атты заңсыз онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікпен қылмыстық топқа іздеу жарияланғаны хабарланған. Сот шешімімен олардың мүлкі тәркіленген. Тізімде Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan және Toyota Land Cruiser көліктері бар.