homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Маңғыстау көруге міндетті 10 шөлдің қатарына қосылды

20.02.2026, 13:02

Британдық The Telegraph басылымы Маңғыстау өңірін әлемдегі міндетті түрде баруға тиіс үздік 10 шөлдің қатарына енгізді. Қазақстан аталған тізімде 9-орынға жайғасты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мақала авторы – саяхатшы-жазушы Sarah Marshall. Ол соңғы 25 жыл ішінде Солтүстік Еуропа, Африка және Оңтүстік Америка елдерінде өмір сүріп, түрлі аймақтарды аралаған.

«Маңғыстаудың геологиялық мұрасы оның пайдалы қазбаларынан да құнды. Мұнда түрлі-түсті тауларды, тас шарлар аңғарын және жерасты мешіттерін көруге болады», – деп жазады автор.