homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Наурыз айында қанша күн демаламыз?

20.02.2026, 15:37

2026 жылдың наурыз айында қазақстандықтар аз жұмыс істейді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бес күндік жұмыс аптасында 31 күннің 13-і демалыс, 18-і жұмыс күні болады. Алты күндік жұмыс кестесінде 9 күн демалыс, 22 күн жұмыс күні ретінде белгіленген.

Халықаралық әйелдер күні 2026 жылы жексенбіге сәйкес келеді. Еңбек заңнамасына сай, мереке демалыс күніне түскен жағдайда, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша бес күндік жұмыс аптасында 7, 8 және 9 наурыз күндері қатарынан үш күн демалыс болады. 10 наурыз, сейсенбі – алғашқы жұмыс күні. Алты күндік жұмыс аптасында 7 наурыз жұмыс күні болып қалады, демалыс 8 және 9 наурызға белгіленген.

Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында аталып өтеді. 2026 жылы бұл күндер демалысқа сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс 24 және 25 наурызға ауыстырылады. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 21–25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады. Алты күндік жұмыс кестесінде 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс, 25 наурыз – жұмыс күні болып есептеледі.