homepage
Фото: СhatGPT арқылы жасалды

Мектеп қаржысын жымқырған 18 адам сотталды

20.02.2026, 12:41

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында 49 мектептің жалақы қорынан 583 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған 18 лауазымды тұлғаға үкім, шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу дерегінше, білім беру мекемелерінің басшылары, есепшілері мен экономистері бюджет өтінімдерін қолдан ұлғайтып отырған. Жалақы мен өзге де төлемдерге арналған қаражат көлемі негізсіз арттырылған. Есеп бөлімінің қызметкерлері электронды жүйелерге әдейі жалған мәлімет енгізіп, төлем тізімдеріне мектептерде іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарды қосқан немесе жалақы мен үстемақы мөлшерін жоғары көрсеткен.

Заңсыз қаражат олардың туыстары мен таныстарының банк шоттарына аударылып, кейін схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

Сот 14 адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Төрт адамға қатысты қылмыстық қудалау рақымшылыққа байланысты тоқтатылған.