АҚШ президенті Дональд Трамп 2014, 2018 және 2022 жылдары енгізілген Ресейге қарсы бірқатар санкциялардың мерзімін тағы бір жылға ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Құжат АҚШ-тың Федералдық тізілімінде жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Дональд Трамп санкцияларда көрсетілген әрекеттер мен саясат АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына әлі де айрықша қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді. Жарлық 20 ақпан күні ресми түрде жарияланбақ.
Шешім Украина мәселесіне қатысты келіссөздер жалғасып жатқан кезеңде қабылданды. Келіссөздердің кезекті кезеңі 17–18 ақпанда Женева қаласында өткен.