homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Софья Самоделкина Олимпиадада жеке рекордын жаңартты

20.02.2026, 10:40

Миланда өткен XXV қысқы Олимпия ойындары аясында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы еркін бағдарлама жарысы аяқталды. Софья Самоделкина қос бағдарлама қорытындысы бойынша 207,46 балл жинап, жеке рекордын жаңартты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Спортшы еркін бағдарламада 138,99 балл алып, жарысқа он үшінші болып шығып, өз өнерін сенімді орындады. Қысқа және еркін бағдарламаның жиынтық нәтижесінде қазақстандық спортшы 10-орынға тұрақтады. Бұған дейінгі жеке рекорды 2021 жылы тіркелген — 205,67 балл.

Алтын жүлдені америкалық мәнерлеп сырғанаушы Алиса Лю иеленіп, 226,79 баллмен өзінің жеке рекордын жаңартты. Күміс пен қоланы жапондық қыздар жеңіп алды. 

Айта кетейік, қысқы Олимпия ойындары тарихында әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанауда Қазақстан атынан бұған дейін тек екі спортшы қатысқан. 2018 жылы Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен болатын. Тұрсынбаева сол Олимпиадада 12-орын алған еді.