homepage
Фото: Ақорда

Қазақша дипломатия: Тоқаев Трамп атындағы марапат тағайындауды ұсынды

20.02.2026, 10:16

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға сапарлады. Трамптың бастамасымен құрылған бұл ұйымның бюджетіне 9 мемлекет 7 млрд доллардан астам қаржы бөліпті. Арасында Қазақстан да бар. Мұны Трамптың өзі айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“Қазақстан ғажайып әрі бай мемлекет” деді сөз алып Дональд Трамп. Алғашқы жиында қазақ президенті Ақ үй басшысына майдай жағатын ұсыныс айтты. Ол Дональд Трамп атындағы арнайы награданы бекіту. “Бейбітшілікті ілгерілету ісіндегі ғаламат жетістіктеріне көрсеткен құрметіміз осы болсын”, деді Тоқаев қазақы дипломатияның қалыбына салып. 

"Бейбітшілік кеңесі аясында Президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынамын. Бұл - оның бейбітшілікті ілгерілету ісіндегі ғаламат жетістіктеріне көрсеткен құрметіміз болмақ. Сіздің тегеурінді әрі көреген басшылығыңызбен Кеңес өзінің тарихи ізгі миссиясын абыроймен атқаратынына сенімдімін», – деді Президент.

Қазақстан Газаға әскер жіберуге дайын. Бұл туралы да мемлекет басшысы Вашингтондағы мінберден мәлімдеді. Оған қоса медициналық персонал мен бақылаушыларды да аттандыруға әзірлігін жариялады. Қазақстаннан бөлек, әскери контингент жіберуге Албания, Индонезия, Косово және Марокко дайын екенін білдірді. Операцияны америкалық генерал-майор Джаспер Джефферс темірдей тәртіппен басқармақ.