homepage
Фото: Ақорда

Mars компаниясы Қазақстанда зауыт салмақ

20.02.2026, 10:09

Mars компаниясы Алатауда үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салмақ. Тартылатын инвестиция көлемі - 180 миллион доллар. Келісімге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары аясында қол қойылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ғасырдан асам тарихы бар Mars команиясының ең танымал өнімі - көпшілігіміз сүйсініп жейтін шоколадты батон өнімдері. Компанияның капиталы – 47 млрд АҚШ долларынан асады. 

Сондай-ақ, президент сапары барысында U.S. International Development Finance Corporation жетекшілерімен де кездесті. Халықаралық қаржылық корпорация әсіресе дамушы нарықтарға ақша құяды. Олар Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті. Корпорация өкілдері елдің тау-кен өндірісі мен көлік-транзит инфрақұрылымында бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ. 

Boeing компаниясымен кездесуде азаматтық авиация саласындағы әріптестікті кеңейту мәселесі қозғалды. Атап айтқанда, Air Astana, SCAT Airlines және Vietjet Qazaqstan әуе тасымалдаушыларымен ынтымақтастықты арттыру, соның ішінде Boeing 787 Dreamliner ұшақтарын жеткізу мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар Шымкентте техникалық қызмет көрсету орталығын ашу және авиация мамандарын даярлау мәселесі пысықталды. 

Ал, Ashmore Group басшысымен кездесуде Қазақстанда халықаралық клиника салу жобасы сөз болды. Жобаны Ashmore Healthcare International және Самұрық-Қазына Инвест бірлесіп жүзеге асыру көзделген.