homepage
Фото: abaiairport.kz

Семей әуежайы миллиондап айыппұл арқалады

19.02.2026, 18:08

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті жергілікті әуежайда тексері жүргізіп, біраз былықтың бетін ашты. Әуежай әкімшілігі авиаотынды бөлшек саудаға шығарып, жоғары бағамен сатып отырған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Осы дерекке байланысты әкімшілік іс қозғалып, Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8,8 млн теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, монополиялық қызмет нәтижесінде алынған 8,5 млн теңге кіріс мемлекет пайдасына өндірілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.