homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлыбританияда корольдің інісі қамауға алынды

19.02.2026, 17:01

Британия королі III Карлдің інісі Эндрю Маунтбеттен-Виндзор ұсталды. Бұл туралы BBC хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Полиция бұрынғы ханзаданы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған. Британ полициясы бұл жайында қысқа әрі құрғақ түсініктеме берді. 

«Тергеу аясында шамамен алпыс жастағы ер адам қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды. Сонымен қатар Беркшир мен Норфолк мекенжайлары бойынша тінту жүргізілуде. Қазіргі уақытта ол қамауда», – делінген полиция хабарламасында.

Ел полициясы Эндрю америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнге құпия мәліметтер беруі мүмкін деген шағымды қарастырып жатқанын хабарлады. Ол құжаттарда Эндрюдің Сингапур, Гонконг және Вьетнамға жасаған сапарларына қатысты есептер мен инвестициялық мүмкіндіктерге қатысты деректерді Эпштейнге жолдағаны айтылады.

Бұған дейін Эндрю Эпштейнмен байланысына байланысты барлық корольдік атақтарынан айырылған. 66 жасқа толған ол өзіне тағылған айыптарды мойындамай, заң бұзбағанын мәлімдеді. Тергеу жалғасып жатыр.