Астана уақытымен сағат 14:09-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде орналасқан деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі Алматы және Жетісу облыстары аумағында 2-3 балл шамасында сезілген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.