homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қытай Қазақстанға үш жел станциясын салып бермек

19.02.2026, 13:32

Сенат Қазақстанның үш өңірінде Қытаймен бірлесіп жаңартылатын энергия көздері бойынша ірі нысандар салуды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, Қарағанды және Павлодар, Түркістан облыстарында жалпы қуаты 1,5 гигаватт болатын екі жел электр станциясы тұрғызылмақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сенатор Ольга Булавкина қазір екі өңірде жобалау-іздестіру жұмыстары үшін жер телімдері бөлініп жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда екі өңірде әкімдіктер жобалау-іздестіру жұмыстары үшін жер телімдерін бөліп жатыр. Түркістан облысында жер телімі бөлініп, күн электр станциясының құрылысы басталды», – деді Булавкина.

Оның айтуынша, барлық үш электр станциясының құрылысы 2027–2029 жылдары аяқталады.