homepage
Фото: Балқаш ауданының әкімдігі

Балқашта үйдің бір бөлігі опырылып түсті

19.02.2026, 13:09

Бүгін таңертең Балқаш қаласындағы Қараменді би көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті. Абырой болғанда, ешікм заржап шеккен жоқ, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әкімдік мәліметінше, құлаған бөлік – үйдің бесінші кіреберісі. Ол бұған дейін апатты деп танылып, бұзуға берілген. Сол себепті опырылған сәтте ішінде ешкім болмаған. Бесінші кіреберістің тұрғындары алдын ала көшіріліп, мұқтаж азаматтар ретінде есепке алынған.

Қазір ғимарат аумағы қоршауға алынып, кіруге шектеу қойылды. Үй жарық, жылу және су жүйелерінен ажыратылған. Бесінші кіреберісті бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Осы жұмыстар аяқталған соң қалған төрт кіреберіске техникалық тексеру мен құрылыс сараптамасы жүргізіледі. Әкімдік олардың конструкциясын күшейту үшін арнайы жоба дайындалып жатқанын да хабарлады.