homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Иесі бар иттер әйелді талап тастады

19.02.2026, 12:04

Алматы облысының Қарасай ауданында бірнеше ит 52 жастағы әйелге шабуыл жасап, ауыр жарақаттаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жазба авторының мәліметінше, шабуыл жасағандар қаңғыбас емес, иесі бар иттер. Тұрғындардың айтуынша, бір адам өз үйінде 37 ит ұстайды.

Алматы облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы нақты айтылмады.