homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қаржылық құжаттарды қолдан жасаған қылмыскер Қырғызстанда ұсталды

19.02.2026, 11:35

Жалған шот-фактуралар арқылы бюджетке 350 млн теңгеге жуық шығын келтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Қырғызстаннан елге қайтарылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылы күдікті нақты жұмыстарды орындамай, жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған. Соның салдарынан мемлекетке 350 млн теңгеге жуық салық төленбей, ірі көлемде залал келген.

Қылмыс жасалғаннан кейін ол жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың наурызында күдікті Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан тарапынан жолданған сұрау негізінде экстрадицияланған.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс дәлелденген жағдайда, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.