homepage
фото: ашық дереккөзден

Qarakesek сотқа келген жоқ

18.02.2026, 20:14

Ақтөбе қалалық сотында Qarakesek лақап атымен танылған әнші Омар Амантаевқа қатысты сот отырысы басталды. Алайда, әнші сот отырысына келген жоқ, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Оған Қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Бұл - ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау. 

"Сот отырысына күні мен уақытын біле тұра келмеді. Кешігіп келе жатқанын айтқан соң үзіліс те жарияланды. Қылмыстық-процестік кодекстің 157-бабы негізінде сотталушы Омар Амантаев сот отырысына мәжбүрлеп жеткізілсін. Сот отырысы 19-ақпан сағат 15:30–ға белгіленсін", -деді судья.

Еске салсақ, әнші былтыр күзде Ақтөбе қаласында ескірткіге мас күйінде көлік жүргізген сәтінде ұсталған. Ол 15 тәулікке қамалып және 7 жылға көлік жүргізу құқынан айрылған еді. 

Тағылған айып дәлелін тапса, әншіге 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 200 сағат жұмысқа тартылады. Тіпті 50 тәулікке қамалуы да мүмкін.