homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

19 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18.02.2026, 18:41

«Қазгидромет» синоптиктері 19–21 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Астанада 19 ақпанда қар жауып, жолдарда көктайғақ болады. Түнде -12…-14, күндіз -10…-12 градус. 20 ақпанда жауын-шашын болмайды, бірақ түнде ауа температурасы -20…-22 градусқа дейін төмендейді. 21 ақпанда қайтадан қар мен бұрқасын болып, ауа температурасы күндіз -7…-9 градус шамасында болады. Жел екпіні кей тұста секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Ал Алматыда 19–20 ақпанда жауын-шашын болмайды, күндіз +12…+17 градусқа дейін жылынады. 21 ақпанда жаңбыр жауып, күндізгі ауа температурасы +7…+9 градус болады. 

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын мол түсіп, жел ұйытқып, көктайғақ болатынын ескертеді.