homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Енді eGov Mobile арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады

18.02.2026, 18:02

eGov Mobile қосымшасында тауарлардың шынайылығын анықтайтын жаңа қызмет іске қосылды. Енді өнімді сандық код арқылы тексеруге болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жаңа мүмкіндік Naqty Onim жүйесі негізінде жасалған. Қосымшадағы «Сервистер» бөлімінен тиісті қызметті таңдап, камераны Data Matrix кодына бағыттау жеткілікті. Сканерлеуден кейін тауардың түпнұсқа не жалған екені, өндірушісі, негізгі сипаттамалары және шығарылған күні көрсетіледі. Код қате болса немесе базаға тіркелмесе, жүйе бұл туралы хабарлайды.

Қазір тексеру міндетті цифрлық таңбалауға жататын тауарларға қатысты қолжетімді. Олар – 2024 жылғы 1 шілдеден кейін шығарылған дәрі-дәрмектер, аяқ киім, темекі және алкоголь өнімдері. Осы күнге дейін өндірілген дәрілер базаға енбеуі мүмкін, бұл олардың жалған екенін білдірмейді.