Қазақстан қор биржасындағы сағат 15:30-дағы сауда қорытындысы бойынша доллар 489,30 теңгеге дейін арзандады. Ұлттық банк осы көрсеткішті 19 ақпанға арналған ресми бағам ретінде бекітпек, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Осылайша, доллар 2025 жылғы 3 наурыздан бері алғаш рет 490 теңгеден төмен түсті. Былтыр күзде бағам 550 теңгеге дейін көтерілген еді. Қазір айырбастау пунктерінде доллар 491–495 теңге аралығында сатылып жатыр.