homepage
Фото: видеодан алынған кадр

Ақыл-ойы кеміс: баласын аясыз ұрған әйелге сот үкімі шықты

18.02.2026, 15:29

Жаркентте баласын батареяға байлап, ұрып-соққан әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот шешімімен ол мәжбүрлі емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға 2026 жылдың қаңтарында болған еді. Әлеуметтік желіде әйелдің кәмелетке толмаған баласын байлап, аяусыз соққылап жатқа сәті тез таралып, Жаркент полициясы оны уақытша ұстау изоляторына қамап, екі баланы арнайы орталыққа орналастырған болатын. 19 қаңтарда қамқоршылық органы әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Балалардың әкесі жұмыссыз, үшінші топтағы мүгедектігі бар.

18 қаңтар күні өткен сотта ол баласының жуынатын бөлмеде суды ашық қалдырып кеткені, салдарынан бөлмені су басып, сол үшін жазалағанын айтқан. 

Сот-психиатриялық сараптама әйелдің ақыл-ой кемістігі бар және емдеуді қажет етеді деген шешімге келген. Себебі, ол өзінің бұл әрекетінің бала үшін қаншалықты қауіпті екенін түсінбеген де. Енді ол мәжбүрлі түрде емделеді, ал балалар Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты мамандандырылған балалар үйіне орналастырылған.