homepage
Фото: 2gis.kz

Назарбаев мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлап кетті

18.02.2026, 13:13

Петропавл қаласындағы Назарбаев мектебінде оқитын 2008 жылы туған оқушы үшінші қабаттағы терезеден құлап кетіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға сабақтан тыс уақытта болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, бірақ есін біледі. Толығырақ ақпаратты кейінірек хабарлаймыз», – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Мектептің баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.