18–19 ақпан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Вашингтонға жұмыс сапарымен барады. Ол Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Саммитте Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыру мәселесі талқыланады. Тараптар бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті күшейту және гуманитарлық көмекті жеткізуге бағытталған нақты қадамдарды қарастырады.
Сапар барысында Мемлекет басшысы америкалық ірі компания басшыларымен де кездесулер өткізеді. Кездесулерде инвестиция мен экономикалық ынтымақтастық мәселелері қозғалады.