Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаның ұсталуына байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, шенеунік 11 ақпанда өз өтінішімен қызметінен кеткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Өздеріңізге белгілі, Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Заңға сәйкес мемлекеттік органдар тергеу барысына араласып, баға бере алмайды. Барлық мән-жай жан-жақты әрі әділ қаралады деп сенемін», – деді облыс әкімі.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның ұсталғанын растаған еді. Кей деректерде облыс әкімі орынбасарының аты өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы резонансты қылмыстық іспен байланыстырылады.
Шенеунік 49 жаста, ол Қостанай облысының тумасы. Бұл қызметке ол 2024 жылдың шілдесінде тағайындалған болатын.