homepage
Фото: видеодан алынған кадр

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды ұрламақ болғандар ұсталды

18.02.2026, 11:03

Жамбыл облысында екі ер адам аялдамада тұрған 13 жастағы қызды көлікке күштеп отырғызбақ болған. Оқиға туралы полицияға хабар түсіп, күдіктілер көп ұзамай қолға түсті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиғаның бейнежазбасында белгісіз ер адамның жасөспірім қызды көлікке күштеп отырғызуға тырысқаны, алайда өтіп бара жатқан куәгердің араласуымен бұл әрекеттің жолы кесілгені бейнеленген. Бұл видео әлеуметтік желі мен ата-аналар чаттарында тарап кетті. 

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – делінген полиция хабарламасында.