homepage
Фото: ашық дереккөзден

Флоридадағы әуежайға Трамптың есімі берілмек

18.02.2026, 10:33

Флорида штатының Өкілдер палатасы West Palm Beach қаласындағы әуежай атауын Дональд Трамптың құрметіне өзгерту туралы заң жобасын мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Құжатты қоддағандар саны - 81, ал 30-ы бұған қарсылық білдірген. Бұған дейін әуежайға апарар жолға Трамптың есімі берліген еді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бастама авторлары Трамптың әуежай маңында тұратынын және оның әкімшілігі кезінде әуежай жаңғыртылғанын алға тартып отыр. Қарсы тарап бұл мәселені президенттік мерзім аяқталған соң қарауды ұсынып, оның дау тудырған саяси шешімдерін айтып баққанмен, басым көшіліктің қолдауына ие болған ұсыныс жақын арада күшіне енуі мүмкін. 

Егер заң қабылданса, әуежай маңдайшаларын ауыстыруға 2,75 миллион доллар жұмсалады. Жыл сайын бұл әуежай арқылы шамамен 8,6 миллион жолаушы ұшады. 

Айта өткен жөн, Вашингтондағы Бейбітшілік институты, сондай-ақ Джон Кеннеди атындағы өнер орталығы алаңының атауы Трамптың құрметіне өзгертілген болатын.