homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Украинаның энергетика министрі қамауға алынды

18.02.2026, 10:07

Украинаның Жоғары антикоррупциялық соты бұрынғы энергетика министрі Герман Галущенконы екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол 15 ақпанда елден шығуға әрекет жасаған кезде ұсталған деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу мәліметіне сәйкес, экс-министр мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. Іс материалдарында ұйымдасқан топ мемлекетке тиесілі 100 миллион долларды заңсыз иемденгені көрсетілген.

Құқық қорғау органдары бұл қаражат энергетика саласындағы жобалар арқылы шығарылған болуы мүмкін екенін тексеріп жатыр. Тергеу аясында бірнеше тұлғаның әрекеті зерттелуде.

Герман Галущенко Энергетика министрлігін 2021 жылдан 2025 жылға дейін басқарған. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, ал күдікті уақытша қамау изоляторына орналастырылды.