homepage

Juz пікір: "Әркім өз білгенін жасағанды қою керек"

17.02.2026, 17:13

“Бюджетті асығыс игеру дұрыс емес. Мұны кім шығарып жүр? Жылдың соңында бюджетті игеру керек деген жарыс басталады. Басқаша айтсақ, бұл қаржыны оңды-солды шашу деген сөз. Жұмыс тәртібін қайта қараңыздар. Өйткені қазір заман басқа. Үкімет пен әкімдер бюджеттің игерілмей қалуынан қауіптеніп, жобаларға қаржы бөлу тәжірибесін доғаратын кез келді. Ең сорақысы, мұндай шешімдер субъективті түрде қабылданып, қаржы таңдаулыларға ғана беріледі. Тоқетері, әркім өз білгенін жасағанды қою керек. Енді мұндайды мемлекет мүддесіне қасақана қарсы әрекет ету деп қарастырамыз”. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті