Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгіме барысында Тоқаев Қазақстанда конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жапаров елдегі ауқымды өзгерістерді қолдайтынын білдірді.
Мемлекет басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша ұстанымдары ұқсас екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді халықаралық шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтау және қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған қадамдарын қолдайтынын айтты.