homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

АШМ: сиыр еті қымбаттамайды

17.02.2026, 17:11

Биыл сиыр етінің бағасы өспейді. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, ведомство ішкі нарықты етпен толық қамтып қана қоймай, артығымен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Ол үшін мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асырылмақ. Бағдарлама ірі және ұсақ малды, қоян өсіруді, құс шаруашылығын және ара өсіруді қолдауды қамтиды.

«Бағдарлама бірнеше бағытты қамтиды. Мал басы көбейіп, ет өндірісі артқан кезде қазір қолданыстағы барлық шектеулер алынады. Сиыр еті бағасына қатысты бұрын болған жағдай қайталанбайды. Ішкі нарықты етпен молынан қамтамасыз етеміз», – деді сендірді Сұлтанов.

Оның сөзінше, өндіріс артқан соң қалыптасатын артық өнім Өзбекстан, Түркия, Қытай және Ресейге экспортталмақ.