17 ақпан күні сағат 15:11-де Алматы маңында жер сілкінісі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зілзаланың магнитудасы 5,1 балға жеткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Алайда, тұрғындарға бұл жайында ескерту хабарламасы тағы да келмеген.
«Сейсмологиялық зерттеу институты» мәліметінше, дүмпу ошағы Алматы қаласынан 74 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.