homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Министр: елде құрастырылған көліктер қымбат емес

17.02.2026, 15:39

Үкіметтегі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев елде құрастырылатын көліктердің бағасына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, соңғы бір жылда отандық зауыттарда құрастырылған көліктердің бағасы 1,9 пайызға ғана өскен.

«Сондықтан бізде баға шектен тыс қымбаттап жатыр деу дұрыс емес. Мен нақты деректерге қарадым. Қазақстандағы зауыттар жыл сайын шығаратын көлік түрлерін көбейтеді. Нарыққа жаңа маркалар шыққан сайын баға да төмендейді. Бұған сенімдімін», – деді министр.

Министрдің сөзінше, ел ішінде автокөлік өндірісінің артуы сырттан келетін, соның ішінде қытайлық көліктердің де бағасына ықпал етеді.