homepage

Президент сынынан соң “Самұрық” қызметкерлерін қысқартпақ

17.02.2026, 14:41

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қ.Тоқаев квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың жұмысын сын айтып, "Самұрық Қазынаның” басшылық құрамы “сол жағалаудың” адамдарына толып қалғанын айтқан болатын. Осыдан соң холдинг бас кеңсесіндегі қызметкерлерінің 10%-ын қысқарту туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

"Қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына” АҚ компаниялар тобында әкімшілік-басқару персоналының санын оңтайландыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс Астана қаласында орналасқан компанияларды да қамтиды.Аталған шаралар ұйымдық құрылымның тиімділігін арттыруға, қайталанатын функцияларды жоюға және басқару үдерістерін жетілдіруге бағытталған”, - делінген компания мәлімдемесінде. 

Айта өту керек, "Қазақстан Темір жолы", "ҚазМұнайГаз”, "Қазақтелеком”, "KEGOC" тәрізді ірі квазимемлекеттік компаниялардың барлығы "Самұрық-Қазынаға" қарайды. Қоржынында шамамен 500-ден аса компания бар