homepage
Фото: ашық дереккөзден

Кәсіпкер Лаврентьев «Қазақ тілі» қорына 100 млн теңге бөлді

17.02.2026, 14:24

Қазақстандық Allur автокөлік компаниясы Qazaq Tili Endowment қорына 100 млн теңге аударды. Бұл туралы қордың президенті Рауан Кенжехан хабарлады. 

"Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен үндес, қазақ тілін дамытуға қосылған нақты үлес.”- деп атап өтті Р.Кенжехан. 

Қазір Qazaq Tili Endowment қорындағы қаржы 703 669 299 теңгеге жеткен. Осы қаражат есебінен соңғы жылдары 100-ге жуық жоба мен іс-шара жүзеге асырылыпты. 

"Allur компаниялар тобы” АҚ негізгі акционері – қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев. Ол “СарыарқаАвтоПром”, “Агромашхолдинг” және “Qarmet” компанияларын да басқарады. Ол өткен жылы елдің ең ауқатты 75 бизнесмендері рейтингісінде 12 орынға жайғасты. Оның капиталы – 840 млн долларға бағаланып отыр. 

"Ана тіліміздің болашағына бей-жай қарамай, қолдау көрсеткені үшін Allur компаниясының басшылығы мен ұжымына шынайы алғыс білдіреміз”, – деп жазды Рауан Кенжехан.