homepage

«Маусымашар–2026» фестивалі өтті

17.02.2026, 13:00

Қазақстан КВН одағының 22-маусымы «Кино маусымы» атауымен ресми түрде ашылды. «Маусымашар–2026» фестиваліне еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық команда қатысты.

Фестивальге 2500-ден астам жайдарманшы жиналған. Биылғы маусым Жайдарман тарихындағы ерекше кезеңдердің бірі ретінде бағаланып отыр. Шараның бас серіктесі — Freedom Ticketon компаниясы, ал қозғалыстың тұрақты серіктесі AMANAT партиясы жаңа маусымда да қолдау көрсетті.

Фестиваль аясында алғаш рет форум форматындағы кездесу өтті. Онда Жайдарман қозғалысының дамуы, маусымның бағыт-бағдары және командаларға қойылатын талаптар талқыланды. Ұйымдастырушылар бұл формат қатысушылар үшін тәжірибе алмасатын маңызды алаңға айналғанын атап өтті.

Қорытынды бойынша 140 команда телевизиялық лигаларға жолдама алды. Оның ішінде 30 ұжым республикалық Jaidarman TOP жоғары лигасына өтті. Ең беделді әзіл сахнасына шыққан командалар жаңа маусымда жоғары бәсеке болатынын көрсетті.