“Байқасаңыз, біздің қоғам жайында билік тарапынан мынадай риторика жиі айтылады: “қоғам енжар, оларға саясат қызық емес, сайлауға бармайды, оларға бәрібір” деген. Мүмкін қоғамның осындай болғаны олар үшін ыңғайлы болар. Бірақ, шын мәнісіне бұл олай емес. Осы Конституция төңірегінде туындаған реакциядан көріп отырғанымыздай, қоғам өте белсенді. Және сауалнамаға қарасақ, халықтың 35-40% тұрақты түрде саяси оқиғаларды бақылап отырады. Күнделікті талқылайды. Бірақ, Қазақстандағы проблема ол – адамдардың саяси өмірге тікелей қатыспауы. Яғни, қатысу механизмдерінің жұмыс істемеуі. Біз былтырғы жылдың аяғында жастар арасында сауалнама жүргіздік. Сонда анықталғаны 18-35 жас аралығындағы жастардың тек 20%-ның ғана сайлауға қатысу тәжірибесі бар екен. Яғни, он жастың тек екеуі ғана сайлауға барған. Қалған 8-і ешқашан сайлауға бармаған. Бұл нені білдіреді? Бұл – сенімсіздіктің белгісі. Жастардың сайлауға бармауы -Қазақстан үшін үлкен проблема”.
Серік Бейсембаев, Әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры