“Бәйтерек” ұлттық холдингінің төрағасы Рустам Қарағойшин Мемлекет басшысының ұлттық компаниялардағы «сол жағалаудағы адамдар» туралы ескертуіне пікір білдірді. Ол холдинг қызметкерлерін еңбекқор деп атап, артық әңгімеге уақыт жоғалтпайтынын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Үкіметтегі брифингте Қарағойшин ұжымының жұмыс тәртібіне тоқталды.
“Біздің адамдар “Бәйтеректе” үнемі артық жұмыс істейді. Мен олардың кофе ішіп, пікірталасқа қатысып отырғанын көрмеймін. Өзім үнемі кеңседемін, ондайды байқамадым”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы ұлттық компаниялардағы басқару мәдениетіне қатысты сын айтқан болатын. Осы пікір аясында «сол жағалаудағы адамдар» тіркесі қоғамда талқылауға түскен.