Мемлекет басшысының жарлығымен UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысынан жеңіспен оралған бір топ офицер мен әскери қызметші марапатталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жеңімпаздарға ІІ дәрежелі Бауыржан Момышұлы атындағы «Айбын» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы табысталды.
UAE SWAT Challenge – арнайы жасақ бөлімшелері арасында өтетін беделді турнирлердің бірі. Әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда жиналған Дубайдағы дүбірлі додада «Қазақстан С» командасы абсолютті чемпион атанса, «Қазақстан А» командасы екінші орынға ие болды. “Томирис” қыздар құрамасы да топ жарды. Осылайша, Қазақстанның намысын қорғаған бес құраманың бәрі де үздік 20 команданың тізіміне кірді.