homepage
фото: instagram.abzal_azhgaliyev

Сұрақты қазақша қойыңыз: Абзал Әжіғалиев ширек финалға өтті

16.02.2026, 23:10

​Қысқы олимпиадада шорт-тректен қазақстандық Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша 500 метрге жүгіру жарысында ширек финалға шықты. Бұл – қазақстандық қос атлет Олимпиада жүлдесіне таласады деген сөз, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Іріктеу кезеңі драмаға толы болды. Әуелде Әжіғалиев өз тобында үшінші болып келе жатқан. Соңғы айналымда латвиялық спортшы алға шықпақ болғанда, оған түрік атлеті кедергі жасап, ақыры екеуі де құлап тынды. Италиялық спортшы да құлай жаздады. Абзал осы ұрымтал сәтті өз пайдасына жаратып, ешкімге соқтықпай мәре сызығын бірінші болып кесті. Түрік спортшысы латвиялық атлеттің жолын бөгегені үшін жазаланып, жарыстан шеттетілді.

Финал 18 ақпанда өтеді. Жарыстан соң, Абзал тілшілердің сұрағына жауап ерді. Орысша сұрақ қойған қазақстандық журналистерге Абзал қазақша сұрақ қоюын өтініп, жарыстағы қарсыластары туралы айтып берді. Айта кетейік, Әжіғалиев 2022 жылғы олимпиадада 4 орын алған болатын.