homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Алматы әуежайына айыппұл салынды

16.02.2026, 18:23

Сот Алматы әуежайын өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, 2 162 500 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұған дейін сот әуежайға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген. Алайда бұл талаптар толық орындалмаған. Оның үстіне, әуежай әкімшілігі халықаралық терминал аумағындағы автоматты өрт дабылы мен өрт сөндіру жүйесінің аумағын қысқартып тастаған. Ал, бұл төтенше жағдай кезінде өте қауіпті болуы мүмкін. 

Сот осы жайттарды ескере отырып, әуежайды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарды. Белгіленген айыппұл сомасы 30 күн ішінде төленуі тиіс.