homepage
Фото: Ақорда

Жапонияны мойындатқан алып қазақ

16.02.2026, 17:41

Ерсін Балтағұл – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби сумошы. Ол осы күндері Қазақстанда жүр. Елге келген оны Президент жеке қабылдап, «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Жапонияға барған сапарымда сізді Императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі танитынын, құрметтейтінін байқадым. Бұл – зор мәртебе. Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге ерекше ризашылығымды білдіремін», – деді Қ.Тоқаев. 

Ал, өз кезегінде сумошы Қазақстанның көк туын Жапонияда желбірете беруге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. 

«Қазақстанның азаматы ретінде мақсатымыз еліміздің көк туын 120 миллионнан аса халқы бар Жапонияға таныту болатын. Осы бағыттан таймай, еңбек етіп келеміз», деді өз кезегінде Балтағұл.

Ерсін Балтағұл Алматы қаласының тумасы Жапониядағы Нихон университетін тамамдағаннан кейін кәсіби сумода Кинбозан Харуки лақап атымен танымал болған. Бойы 195 сантиметр, салмағы 178 келі болатын спортшы қазір сумо күресінің ең жоғарғы дивизионы – Макуутиде өнер көрсетеді.