Ресей президенті Владимир Путин мамыр айының соңында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда таратқан ақпаратқа сүйеніп Juzmedia.kz хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бүгін телефон арқылы сөйлескен. Путин әуелі мемлекетті сапармен келіп, сосын Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.
Айта өтейік, Тоқаев былтыр 11 қарашада Мәскеуге барып, Путинді Қазақстанға сапарлап келуге шақырған болатын.