homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Алматы маңында жер сілкінді

16.02.2026, 17:13

16 ақпанда Астана уақытымен сағат 12:14-те Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінісі болды. Дүмпу ошағы Ақсу қаласына жақын маңда орналасқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жерасты дүмпуінің магнитудасы 5,3 балл болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Шыңжаң өлкесінің аумағында тіркелген.

Жер сілкінісі болған аймақ пен Алматы қаласының арасы шамамен 275 шақырым. Айта кету керек, Ақсу өңірі сейсмикалық тұрғыдан белсенді аймақ саналады. 2025 жылғы 4 желтоқсанда дәл осы аумақта 6,4 балдық жер сілкінісі болып, оның толқыны Алматыға дейін сезілген еді.

Бұған дейін 5 ақпанда Жетісу облысында да 5 балдық жер сілкінісі тіркелген.