homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Ақмола мен СҚО жол жабылды

16.02.2026, 16:37

Қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар тоғыз жол учаскесінде қозғалыс уақытша тоқтатылды. Шектеу 16 ақпан күні сағат 12:20-дан бастап енгізілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ақмола облысында барлық көлік түрлері үшін Щучинск – Зеренді (0–77 км), Көкшетау – Рузаевка (0–61 км), Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы (232–304 км және 304–341 км), Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Ресей шекарасы (14–51 км), сондай-ақ Көкшетау – Атбасар (0–184 км) бағыттарында қозғалыс шектелді.

Солтүстік Қазақстан облысында Көкшетау – Рузаевка (61–91 км), Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы (341–367 км) және Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Ресей шекарасы (50–85 км) жол бөліктері жабылды.

Жолдарды 17 ақпан күні сағат 09:00 шамасында ашу жоспарланып отыр. Бұған дейін ескертулерді елемеген жүргізушілердің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелгені хабарланған еді.