Қазақстанда жүргізушісіз таксилер сынақтан өткізу басталады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі айтты. Алғашқы кезеңде жобалар пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министрлік мәліметінше, жүргізушісіз такси жобасы Алматы мен Астанада, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында сынақтан өтеді. Бастапқыда көліктер шектеулі бағыттарда қатынап, жүйенің қауіпсіздігі мен техникалық мүмкіндігі тексеріледі.
«Болашақта бұл цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.