homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Нұрлан Сабыров ҰҚК нысанына ілікті

16.02.2026, 13:34

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабыровты тексермек. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Комитет нақты қандай дерекке байланысты тексеру жүріп жатқанын ашып айтпады.

«Ақпарат назарға алынды, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», – деп қысқа жауап берді  комитет. 

Қазақстандық баспасөз беттерінде, Сабыров Қылмыстық кодекстің 170-бабына қатысты тексерілуі мүмкін деген болжам айтады. Бұл «Жалдамалылық» туралы бап. Оның аясында соғысқа немесе қарулы қақтығыстарға адам тарту, қаржыландыру немесе пайдалану әрекеті үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.