homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Жаңа Конституция жобасына арналған сайт іске қосылды

16.02.2026, 13:07

Елде жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдумға арналған referendum2026.kz сайты жұмысын бастады. Платформада құжаттың толық мәтіні, дауыс беру тәртібі және ресми түсіндірмелер жарияланған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сайтта референдум өткізу ережелері, түсіндірме материалдар және ресми ақпараттар берілген. Сонымен қатар өңірлердегі коалиция жұмысы туралы жаңалықтар, бейнематериалдар мен интерактивті форматтар бар.

Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне байланысты республикалық референдум 15 наурызға белгіленді.